Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ұсынылатын кейбір медициналық қызметтің тарифі өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ДСМ-нің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжат аурулардың халықаралық жіктемесіне енетін 9244 ауруды емдеу бойынша медициналық қызметтерге тарифтерді белгілейді.
Түзетулерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде клиникалық-шығынды топтар бойынша төленетін кейбір медициналық қызметтерге тарифтер орта есеппен 3%-ға өсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу