Белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын, тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" бөлімінен амоксициллин, капсула, ауызша суспензияға арналған ұнтақ, метронидазол таблеткасы сынды бірқатар препараттар алынып тасталды.
Бұл препараттар асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу үшін қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу