Кейбір өңірлерде дизель бойынша проблема туындады

681

Кейбір өңірлерде дизельдік отын бойынша проблема туындап отыр. Бұл азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. 

Кейбір өңірлерде дизель бойынша проблема туындады

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеп, мәселенің себебін Энергетика министрі Болат Ақшолақовтан сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

Болат Ақшолақов транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша дизель отыны көлік түріне және сатып алу көлеміне қарай әртүрлі баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленгенін қайыра еске салды Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтына қоғамның онлайн талқылауы үшін орналастырылды.

Сонымен бірге күзгі дала жұмыстары кезінде дизель отыны тапшылығын болдырмау мақсатында барлық ресурстар, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және автожанармай құю станцияларына бөлінетін болады дегенді айтты.

"Екінші кезекте, қалған жанар-жағармай өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолына бөлініп, жетпеген жағдайда –  қажетті көлемдер импортталатын болады", – деді Ақшолақов.

Қазіргі уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарының мерзімдерін оңтайландыру және ауыстыру, сондай-ақ жүктемені ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.

"Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға – 1 тоннасына 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлемдер толық орындалатын болады. Бұл көлемдерді негізгі жеткізушілер –  Қазмұнайгаз бен Петросан", деді Ақшолақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу