Кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін

1032

Кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін

 Алдағы уақытта оқушыларға кейбір пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

"Біз электронды күнделік және электронды оқулық болғанын қалаймыз. Ең маңыздысы, мектеп дәліздерінде шкаф болуы керек. Сондай-ақ, үй тапсырмасына шектеу қойылмақ. Бүгін немесе ертең арнайы хабарландыру шығады. Осыған дейін мектеп директорларының екі тобы мен әдіскерлер оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін зерттеген болатын. Біздің осы мәселеге қатысты ұсынысымыз бар. Яғни үйге берілетін тапсырманың уақытын 40 минутқа қысқартуды жоспарлап отырмыз. Болашақта кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу