Кейбір жарлықтардың күші жойылды

840

Кейбір жарлықтардың күші жойылды

Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

2) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

3) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу