Кейбір жолаушылар пойыздарының жүру мерзімі артады

740

Қазақстанда қазан мен қараша айларында бірқатар пойыздардың жүру жиілігін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. 

Кейбір жолаушылар пойыздарының жүру мерзімі артады

Сенбі күні таратылған хабарламада "Жолаушылар тасымалы" АҚ келесі жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артқанын айтады:

№1/2 "Алматы-2 – Шымкент" аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап;

№11/12 "Алматы-2 – Шымкент" аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап;

№31/32 "Алматы-2 – Павлодар" 2020 жылдың 11 қазанынан бастап Алматыдан, 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі;

№603/604 "Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап Арқалықтан күн сайын жөнелтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу