Қазақстанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарға айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыру ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тиісті ұсыныс үкімет деңгейінде қаралып, қолдау тапқаны белгілі болды.
"Мен жүйелі түрде, мәселен, бір жыл ішінде 10 реттен артық ереже бұзатындар үшін айыппұлды жартылай төлеу жеңілдігінен айыруды ұсындым. Яғни, бір жылда 10-11 рет заң бұзғаннан кейін айыппұлды толық көлемде төлесін дегендей. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске келесі түзетулер енгізілген кезде осы түзетулер жөнінде бастама көтеремін", – деді депутат Марат Қожаев Сенат кулуарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу