Кейінге қалдырылған турлар бойынша дауларды реттеу регламенті бекітілді

675

Туроператорлар туристерге саяхат мерзімін тура сол шарттарда келер жылға қалдыруды ұсынып отыр.

Кейінге қалдырылған турлар бойынша дауларды реттеу регламенті бекітілді

Регламент "Туристік Қамқор" корпоративті қорымен әзірленген, құжат форс-мажорлық жағдайлар түсінігін бағалау, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі, сондай-ақ турист алатын тур мерзімі мен кепілдіктерді кейінге қалдыру механизмін қамтиды, деп хабарланды кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында.

"Туристік Қамқор" корпоративті қорының төрайымы Инна Рейдің айтуынша, аталған құжат арқылы туристік агенттіктер туристерге тур уақыты ресми түрде басқа күнге ауыстырылатыны жайында кепілдік беруге мүмкіндік береді. Егер турист тур уақытының басқа күнге ауысуына қарсы болса, онда оған туроператор өз қызметін жаңартқан соң 60 күн ішінде ақшасын қайтарады.

 Қор іске аспай қалған турларға қатысты дауларды реттеу регламентін әзірледі. "Атамекен" ҰКП алаңында бизнес, мемлекеттік органдарымен талқылаулар өтті, туризм нарығының жасаған ескертпелері регламенттің түпкі нұсқасында көрініс тапты.

Еске салсақ, төтенше жағдай енгізіліп, шекаралар жабылған уақыттан бастап туроператорлар туристерге іске асырылмаған турлар бойынша қаражатты қайтару проблемасына тап болды.

Туроператорлар клиенттерге қаражатты бірден қайтара алмады, өйткені шетелдік серіктестерге, қонақ үйлер мен авиакомпанияларға төлемдер жасап қойды. Қызметтерді шетелдік жеткізушілерде қалып қойған қаражат сомасы – 4,6 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты туроператорлар туристерге саяхат мерзімін тура сол шарттарда келер жылға қалдыруды ұсынып отыр.

Туристердің сотқа жүгіну жағдайлары бойынша Жоғарғы Сот тарапынан мұндай істерді сотқа дейінгі реттеуге бағыттау туралы ұсыныммен түсіндіру берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу