Кейінгі 10 жылда АҚШ Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция салған

1640

АҚШ Қазақстанға салатын инвестицияны 17%-ға арттырды. 

Кейінгі 10 жылда АҚШ Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция салған

АҚШ Қазақстанға инвстицияны ең көп салған елдердің үштігінен түспей келеді. 2019 жылдың алғашқы алты айында бұл ел қазақ экономикасына 3 млрд доллар бағыттаған. Бұған дейін табиғи қазба байлықтарды игеруге ниетті инвесторлар белсенді болса, кейінгі жылдары Primus Power, Spancrete, Uber, Starbucks, McDonalds және Netflix сияқты компаниялар инвестиция сала бастады.

"Қыркүйектің аяғындағы  мәлімет бойынша Қазақстанда  америкалық инвесторлардың қатысы бар 382 кәсіпорын жұмыс істеп отыр. Сол кәсіпорындар арқылы соңғы 10 жылда 28 млрд  доллар салған. Оның 335-і шағын, 19-ы орта, 28-і ірі компания кәсіпорын.  Ал шілдедегі ақпарат бойынша Қазақстан резиденттерінің  АҚШ инвесторлары алдындағы міндеттемесі 36 млрд доллар болды. Салынған инвестицияның 94%-ы (33,9 млрд доллар) тау-кен өнеркәсібіне тиесілі", – деп жазады Ranking.kz.

АҚШ инвесторлары  қаржы және сақтандыру саласына да инвестиция салу тиімді деп санайды. Бұл салаға 974,1 млн доллар тартылыпты. Ал ғылым мен технологияға 509,1 млн доллар салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу