Кейінгі 4 жылда Қазақстан шетелге 1,9 млрд доллардың көлігін экспорттады

486

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған машина жасау саласын дамытудың 4 жылдық кешенді жоспарында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейінгі 4 жылда Қазақстан шетелге 1,9 млрд доллардың көлігін экспорттады Фото: inbusiness.kz

"2017-2021 жылдары машина жасау саласында өндіріс номиналды мәнде 2,2 есеге өсіп, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде автомобиль жасау секторына 715 млрд теңге, машина жасаудың қалған секторларына 1 671 млрд теңге тиесілі. Экспорт 3 есе артып, 1,9 млрд доллар болды. Ел экономикасындағы машина жасау саласының үлесі 1%-дан 1,5%-ға дейін, өңдеуші өнеркәсіпке 8%-дан 11%-ға дейін ұлғайды", - делінген кешенді жоспардағы қазіргі жағдайға жасалған талдау деректерінде.

Елімізде 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларда 115 мыңға жуық адам еңбек етіп келеді.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының еңбек өнімділігі бір қызметкерге шаққанда 25,7 мың долларды құрады. Саланың негізгі капиталына 150 млн доллардан астам инвестиция салынды. 245 млн доллардан аса тікелей шетелдік инвестиция тартылды", - деп көрсетілген жоспар жобасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу