Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

1282

Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр туған жері  Тасты ауылына жақын жерде жерленеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

Сенатор Серік Ақылбайдың айтуынша, жақында өткен мемлекеттік комиссияның отырысында Кейкі батырдың жерлеуі мәселесі қаралды.

"Сол жерде Кейкі батырдың сүйегін оның туған жері Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында жерлеу туралы шешім қабылданды. Сол жерде бос тұрған мазар бар. Оны батырдың туған-туыстары тұрғызған еді. Кейкі батырдың ел тарихында алатын орнын сондай-ақ, ол арқылы қазіргі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, сол батырға сай ескерткіш жасап, Кейкі батырдың мемориалын тұрғызу ұйғарылды", – дейді С.Ақылбай.

Айта кетейік, 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр Торғай даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін "қызылдарға" қарсы соғысқан. Большевиктер оны ұстағаннан кейін айуандықпен өлтірген. Соданбатырдың бас сүйегі ұзақ уақыт бойы Петербордағы музейде сақталып келді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу