Кейкі батырдың бейнесі жасалды

1176

Кейкі батырдың  бейнесі жасалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмыс тобы танымал қаһарманның сыртқы бейнесі мен мүсіндік реконструкциясын әзірлеу бойынша ғылыми жұмыстар кешенін аяқтады. Бұл туралы Кейкі батырдың дайын мүсінін тапсыру барысында өткен ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының жұмыс тобымен кездесуінде белгілі болды.

"Бұл мемлекетіміз және ұлттық тарихымыз үшін ерекше маңызы бар  тарихи оқиға. Ресей мәдениет министрлігі және мәдениет министрінің өзі Владимир Мединский жан-жақты қолдау көрсетті. Бас сүйекті Қазақстанға қайтару және тасымалды ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың ірі көлемі жүзеге асырылды", – деп атап өтті министр.

Венгрия ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы танымал ғалым, ҚР Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай баяндап берді.

"Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру барысында белгілі бір қиындықтар болды. Антропологтардың айтуы бойынша, батырымыздың басына жеті ауыр соққы тиген екен. Бас сүйектің өзге де зақымданулары болды. Бірақ антропологиялық реконструкцияларды жасауға арналған заманауи технологиялардың арқасында, венгр ғалымдары екі ай бойы үздіксіз жұмыс нәтижесінде Кейкі батырдың мүсінін қалпына келтірді", – деп хабарлады Н. Әлімбай.

Алдағы уақытта Мәдениет министрлігі тарапынан Кейкі батыр туралы театралдық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер түсіруді жоспарлап отыр, делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу