Келер айда электр энергиясы қымбаттайды

1583

Жалпы осы айдың өзінде еліміздегі үш өңірде электр қуаты қымбаттап үлгерді. 

Келер айда электр энергиясы қымбаттайды

Келер айда электр қуатының тарифы қымбаттайды. Болжам бойынша 6 пайызға артуы мүмкін.

Бұған энергия өндіруші компаниялардың бағаны көтереміз дегені себеп болған. Айтуларынша, баға соңғы 5 жылда өзгермеген. Мұндай мәліметті Atameken Business-тің ресми сауалына жауап берген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары айтты. 

Жалпы осы айдың өзінде еліміздегі үш өңірде электр қуаты қымбаттап үлгерді. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі 3,2%-ға артқан. Батыста 1 килоВат электр қуаты 16 теңгеден 16,03 теңгеге дейін көтерілген. Ал Маңғыстау облысында тариф бірден 3,37%-ға қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу