Осыған байланысты Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, 12 ақпан күні таңертең қар тазалауға 600-ге жуық арнайы техника мен 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылады.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында негізгі магистральдық көшелерді көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңдеу жоспарлануда. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады, көктайғақты болдырмау үшін қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Жауған қарды тазарту үшін 15 колонна ұйымдастырылады, олармен бірге жол полициясының патрульдік машиналары еріп жүреді.
Тротуарларды, жалпы пайдаланылатын орындарды, әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді тазалау үшін 176 шағын көлемді техника тартылатын болады.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.