Қазақстан президенті биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Берілген ақпарат бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу