Келер жыл үшін тегін дәрілерді сатып алу басталды

854

Тендер нәтижелері 6 қарашада шығарылатын болады және жылдың соңында медикаменттер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түседі.

Келер жыл үшін тегін дәрілерді сатып алу басталды

Елімізде келесі жылға арналған тегін дәрілерді сатып алу басталды. Жалпы сомасы 66,5 млрд теңгеге 308 түрлі препарат алынбақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Тендер нәтижелері 6 қарашада шығарылатын болады және жылдың соңында медикаменттер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түседі.

"СҚ-Фармация" басшысының міндетін атқарушысы Берік Шәріптің айтуынша, 2020 жылға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1318 атауы бекітілген.

Медикаменттердің жалпы тізімінен 596 атау отандық фармөндірушілерден сатып алынатын болады. Қалғандарының республикада тіркелген аналогтары жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта оларды өндірушілерге шарттарды делдалсыз, тікелей жасау үшін шақырту жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу