Келер жылдан бастап электр энергиясының бағасы өседі

588

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келер жылдан бастап электр энергиясының бағасы өседі Фото: canva.com

"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1 215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - делінген Энергетика министрінің бұйрық-жобасында.

Құжатта жазылғандай, 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық көлемі 108 млрд теңге болған.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу