Келер жылдан бастап кей қалдықты көмуге тиым салынады

889

Келер жылдан бастап кей қалдықты көмуге тиым салынады

Энергетика министрлігінде Қазақстанда неге әлі күнге дейін қағаз, шыны, пластик ыдыстарға арнайы қоқыс жәшігінің жоқтығы айтылды. Сауалға қалдықтарды басқару департаментінің директоры Бизара Досмақова жауап берді, деп хабарлайды Today.kz.

Маманның айтуынша, дамыған Еуропа елдерінде бұл жүйенің қалыптасқанына 50-60 жыл болған. Ол елдерде қоқыс алмасу Қазақстанға қарағанда он есе көп. 

"Біз де мұндай жағдайға жетеміз. Тасымалдауда да айырмашылық бар: олардың халқы тығыз орналасқан, территориясы кішкентай, тасымалдау жеңіл. Ал біздің елде қалалардың арасы алыс қой. Барлық қаржы тасымалдауға кетеді", – деді Досмақова. 

Қазір заң бойынша қоқысты көміп тастайды. Досмақованың айтуынша, бұл қоқысты қайта өңдегенге қарағанда әлдеқайда арзан. 

"Қазір қоқыс жәшігін қоюды қарастырып жатырмыз. Біз үшін дәл қазір қоқыс жәшігін екіге бөлу жеткілікті: құрғақ және сулы заттарға арналған қоқыс жәшігі", – деді Бизара Досмақова. 

Сондай-ақ сарапшы 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап пластикалық, полиэтилен, қағаз, қатты қағазды көмуге тиым салынатынын айтты. 

Ал энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қазақстандықтардың қоқысты арнайы жәшікке салуға дайын емес екендерін айтады. 

"Біздің қоқысқа деген қарым-қатынасымыз тым жоғары емес. Адамдардың өзі экологияға зиянды қоқыстардың өзін бір шелекке салып, лақтыра салуға үйреніп қалған", – деді Бақытжан Жақсалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу