Келер жылдан бастап медициналық препараттың бәріне шекті баға қойылады

1238

Олардың 40 пайызы "СК-фармация" арқылы тікелей өндірушілерден сатып алынбақ. Бұл дәріханалар санының қысқаруына әкеледі.

 Келер жылдан бастап медициналық препараттың бәріне шекті баға қойылады

Еліміздегі дәріханалар саны қысқаруы мүмкін. Өйткені келер жылдан бастап медициналық препараттың бәріне шекті баға орнатылады, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың 40 пайызы "СК-фармация" арқылы тікелей өндірушілерден сатып алынбақ.

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл бюджет қаржысының 12 пайызын үнемдеуге және халық үшін дәрі-дәрмек бағасының тұрақталуына көмектеседі. Ал сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы фармацевтика саласындағы бәсекелестікке кері әсер етеді деп есептейді.

"Мына заң бойынша бүкіл "СК-фармацияға" біз жүздеген млрд береміз, ал одан бөлек кәсіпкерлер бар. Олар Украина, Белоруссия, Индиядан дәрі-дәрмек әкеледі. Мен олармен сөйлестім, көбі қарсы. Біз кәсібімізді жабамыз дейді", - деп пікір білдірді Мұрат Бақтиярұлы .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу