Келер жылдан бастап МҚО арқылы қаржыландыру артады

1387

Келер жылдан бастап МҚО арқылы қаржыландыру артады

2017 жылдан бастап МҚО-мен тікелей бюджеттік қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі ұлғаяды, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Нұр Отан" партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында.

"Нұрлы жол" бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі микроқаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АБР, ИДБ топтары келісім аясында Қазақстанға техникалық және қаржылық қолдауды көрсететін болады. Оның басты бағытының бірі тікелей экономикалық және әлеуметтік әсер беретін   қайтарылатын жобалар болады", - деді ол.

Министр айтып өткендей, бүгінгі таңда  жетекші МҚО-лармен бірлескен жобалар инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде 3,3 мың автожол бар, суармалы жерлердің сапасын арттыру мен 515 мың адамды  ауыз сумен қамтамасыз ету және МЖӘ-ні дамыту  қарастырылған. Бүгінде  1 млрд АҚШ долларының 18 келісімі жүзеге асырылса, тағы  500 млн доллардың  9 келісімі жыл соңына дейін жүзеге асырылады.

Ведомство басшысы айтқандай,  МҚО-мен бірге  жобаларды қаржыландыруға 2015-2016 жылдары 20,3 млрд теңге бөлінеді,  оның ішінде 2015 жылы  8 млрд теңге,  2016 жылы 12,3 млрд теңге. Әкімшілік бюджеттік жобаларды қаржыландыру жобасына сәйкес, 2,5 млрд теңге толық игерілді.

"Аталмыш қаржы МҚО жобаларын бірлесіп қаржыландыруға бағытталды, оның ішінде ТКШ-ны жаңғырту, қалалық көлікті дамыту және қоршаған ортаны қалыпна келтіру жобалары бар", - деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Бишімбаев айтып өткендей, Ұлттық қордан бөлінген қаржының шектелуі байқалып отыр.

Бұл туралы strategy2050.kz порталында хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу