Келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі

1304

Елімізде білікті кадрларды дайындау мен біліктілікті арттыру мақсатында "Педагог" жаңа кәсіби стандарты енгізілмек.   

Келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі Фото: BilimdiEl

2023 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде "Педагог мәртебесі туралы" Заңның оң ықпалын көріп отырмыз. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы ұлғайтылды және 2023 жылғы қаңтардан бастап тағы 25%-ға артады. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін  сертификаттау енгізілген болатын", - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз. Сол себепті де мұғалімдер міндетті түрде өз пәні мен әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет. 

"Директорлардың кадрлық резерві қалыптасады, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау тетігін іске асыру жалғасын таппақ. Білікті кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру үшін "Педагог" жаңа кәсіби стандарты енгізіледі", - деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу