Келер жылы 2 әуежай реконструкциядан өтеді

434

Көлік саласын дамытуға 2024 жылы 767 млрд теңге көзделген. 

Келер жылы 2 әуежай реконструкциядан өтеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы 343 км жол жаңғыртылады, 1 100 км жол жөнделеді. Сондай-ақ, Астананың көлік инфрақұрылымын және елордаға іргелес жатқан елді мекендердің 80 көшесі дамытылатын болады. 2023 жылғы маусымда пайдалануға берілген БАКАД жобасы шеңберінде мемлекеттік міндеттемені төлеу жоспарланып отыр", - деді вице-министр.

Спикер келесі жылы әуе және теміржол тасымалдаушылары, сондай-ақ су көлігі саласы қолдау алатынын да жеткізді.

"50 млрд теңгеге жуық қаражатқа 20 шекара бөлімшесі мен 6 өткізу пункті салынады. Бұдан бөлек 2 әуежай реконструкцияланатын болады", - деді Қаржы вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу