Келер жылы 6 өңірде аутизм орталығы ашылады

792

Орталықтар Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында ашылатын болады.

Келер жылы 6 өңірде аутизм орталығы ашылады

Биыл елде 6 оңалту орталығы (Алматы, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Түркістан облыстары) және 5 "Қамқорлық" ерте араласу орталығы (Алматы, Абай, Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) ашылды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" жұртшылықпен байланыс департаменті.

Жыл соңына дейін тағы 2 оңалту (Жамбыл және Маңғыстау облыстары) және 1 ерте араласу орталығы (Маңғыстау облысы) ашылмақ.

"2023 жылы Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан өңірлерінде және Алматы мен Шымкент қалаларында тағы 13 ерте араласу орталығын ашуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда Шымкент және Павлодар қалаларында аутизм спектрінің бұзылулары бар балаларға арналған орталықта жөндеу жұмыстары басталды. Бұл екі орталықтың ашылуы 2022 жылдың желтоқсан айында күтілуде", – деп жазылған хабарламада.

2023 жылы тағы 6 аутизм орталығы Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында ашылатын болады

"Қамқорлық" оңалту және ерте араласу орталықтары туғаннан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді және 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қабылдайды. Осылайша, жыл сайын дамуында кінәрат бар және олардың пайда болу қаупі байқалған 1200-ге жуық бала орталықтарда кешенді оңалтудан өте алады

Ерте араласу орталықтарының негізгі мақсаты – балалардың ерте мүгедектігінің алдын алу. Өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ауытқуларды дұрыс анықтау және түзету бар өзгерістерді жұмсартып қана қоймай, жаңа сырқаттардың пайда болуын болдырмауға, балалардың әлеуметтік бейімделуінің ауырлығын жеңілдетуге және әр бала үшін мүмкін өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу