2019 жылы 10 қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 20 лифт ауыстырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта қаланың көпқабатты тұрғын үйлерінде 4 910 лифт жұмыс істейді.
"Ескi" қалада орнатылған лифтердің бiр бөлiгi 25 жыл бұрын орнатылған, яғни рұқсат етiлген қызмет мерзiмiнен асып кеткен.
"Көтеру механизмдерінің жұмысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесіне" сәйкес өндіруші белгілеген қызмет мерзімі аяқталған лифтті пайдалануға жол берілмейді. 90-шы жылдары салынған көптеген үйлерде Самарқанд лифт зауытының жеделсатылары орнатылған. Бұл компания 1993 жылдан бері жұмысын тоқтатқан боалтын. Сәйкесінше, лифттерге арналған қосалқы бөлшектер өндірілмейді", – деп атап өтті "Өркен Қала" ЖШС тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бөлімінің басшысы Болат Түгелбаев.
Лифттердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың қарашасында Астана мәслихатының ТҮЖ-да 12 лифт жабдығына 146,595 млн теңге бөлінді.
"Қазіргі уақытта "Астаналифтсервис НС" ЖШС және "Импортлифт КЗ" ЖШС мердігерлері барлық нысандарға лифт жабдықтарын орнатқан. Лифттер заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Олардың қосымша опциялары бар. Ол – жаңартылған шкафтар, сұйық кристалды панельдер, дауыстық дабыл жүйелері, тежеу жүйесі", – деді Болат Түгелбаев.