Келер жылы ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 900 млрд теңгеге жетпек

145

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Келер жылы ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 900 млрд теңгеге жетпек Фото: Agroday.RU

"Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін бірнеше есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, саланы қаржыландырудың жаңа тәсілдерін келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Мәселен, келесі жылы жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл фермерлерге ауылшаруашылық циклының барлық кезеңінде, дайындықтан бастап егін жинауға дейін қолдау көрсетеді. Бөлінген соманың алғашқы 100 млрд теңгесі осы жылдың желтоқсан айында фермерлерге қолжетімді болады. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына уақытылы дайындықты қамтамасыз етеді және жаңа маусымды кідіріссіз бастауға мүмкіндік береді",  – деді Азат Сұлтанов "Атамекен" ҰКП съезі алдындағы жиында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу