Келер жылы автомобиль жолдарының 6 мың шақырымдайы ақылы болады

892

2020 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының 1373 шақырымында қозғалыс ашылады.

Келер жылы автомобиль жолдарының 6 мың шақырымдайы ақылы болады

"Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша жолдың 311 шақырымы, "Петропавл-Қорған" тасжолының 37 шақырымы, "Орталық-Шығыс" жобасы бойынша жолдың 13 шақырымы, "Қостанай-Денисовка" автожолының 65 шақырымы, "Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат" тасжолының 160 шақырымы пайдалануға беріледі" – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, келесі жылы "Атырау-Астрахань" бағыты бойынша жолдың 60 шақырымында, "Осинов асуы" жобасы бойынша жолдың 32 шақырымында, "Талдықорған-Өскемен" автомобиль жолының 384 шақырымында, "Ұзынағаш-Отар" жолының 96 шақырымында көлік қозғалысы ашық болады. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес "Үшарал-Достық" тасжолының 60 шақырымы, "Қалбатау-Майқапшағай" автожолының 155 шақырымы пайдалануға берілмек.

Еске салсақ, 2020 жылы жолдардың 5917 шақырымы ақылы болады. 2025 жылға қарай мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу