Келер жылы елордада 12 мектеп салынады

986

Алдағы 5 жылда елордада 47 мектеп салу жоспарланып отыр.

Келер жылы елордада 12 мектеп салынады

2020-2025 жылдарға арналған білім саласын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, келесі жылы бас қалада 12 білім беру ошағы бой көтереді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Білім саласына қатысты нақты тапсырмалар бар. Алдымен ұстаздардың мәртебесін көтеру, екіншіден, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ ауыл және қала мектебінің арасындағы айырмашылықты азайту. Жуырда Үкіметтің отырысында 2020-2025 жылдарға арналған білім саласын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Одан бөлек, Парламентте ұстаздар мәртебесі туралы заң жобасы талқылануда. Біздің ойымызша, жылдың аяғына дейін бұл құжат қабылданады. Екі құжаттың мақсаты – барлық жерде апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептерді жою. Осы орайда ел аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасады. Яғни алдағы 5 жылда елордада 47 мектеп салу жоспарланып отыр. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынатын болады", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев елорда халқымен кездесу барысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет басшысының орынбасары жыл соңына дейін елордадағы темір жол ауруханасының 3 корпусы қолданысқа берілетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу