Келер жылы елордада жүргізушісіз автомобиль пилоттық режимде іске қосылады

98

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун айтты. 

Келер жылы елордада жүргізушісіз автомобиль пилоттық режимде іске қосылады Фото: Google

Келесі жылы елорданың жаңа учаскелерінде жүргізушісіз автомобильді пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден еліміздің жүргізушісіз көлік режимін іске қосуға дайындығын сұраған еді.

"Қазір бұл тосынсыйды ашқым келіп отырған жоқ. Біз оны барынша толыққанда пилоттық іске қосқаннан кейін келесі жылға дайындап жатырмыз. Өздеріңіз де байқағандай, оны адамдар көлік жүргізіп үйренетін автоХҚО-лар аясында жасадық. Келесі жылы қаланың өзге учаскесінде жүргізушісіз автомобильді пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Дмитрий Мун.

Бұған дейін вице-министр Instagram парақшасында Астанада жүргізушісіз автомобильдің қыс уақытында сынақ режимінде іске қосылғанын көрсеткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу