Келер жылы Қарағандыда генетикалық зертхана ашылады

1132

Келер жылы Қарағандыда генетикалық зертхана ашылады

Қарағанды облысының әкімдігінде өңірдегі жоғары өлім деңгейі мәселесі талқыланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Қарағанды облысында халықтың өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші соңғы үш жылда 6,3%  төмендеді (1000 адамға шаққанда 2013 - 10,47; 2014 - 9,87; 2015 - 9,81), дегенмен республика бойынша өлім деңгейі біздің облыста тым жоғары болып тұр", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Шұғыл континетті климат ауру-сырқау мен өлім-жітімге ықпал етпей қоймайды, дейді ол.  Басқарма басшысы өңірдегі қарттардың саны жастардан басым екенін атап өтті.

"Еліміз бойынша бұл көрсеткіш 7,5% құраса, оның 10% біздің облыста өмір сүреді. Қазіргі уақытқа дейін бұл топқа генетикалық тұқым қуалайтын аурулар да енген еді. Медициналық ғылымның дамуымен бұл патологияларды анықтау мүмкіндігі пайда болды. Ауру балалардың дүниеге келуін азайту мақсатында, 2017 жылы Қарағандыда құрсақтағы сәбиге диагностика жасауға мүмкіндік беретін генетикалық зертхана ашуды жоспарлап отырмыз", – деп хабарлады Нұрлыбаев.

Адам өлімінің себептері арасында жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары көш бастап тұр (34%).  Инфаркттар мен инсульттар да осы топ ішінде. Екінші орында онкологиялық аурулар (10,1%), ал үшінші орында - зақымдар мен уланулар (9,7%) тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу