Синьхуа агенттігінің жазуынша, 2026 жылы Қытайдың жоғары оқу орындарын шамамен 12,7 миллион студент тамамдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған көрсеткіш осы жылмен салыстырғанда 480 мыңға артады деп жоспарланған.
Осыған орай, министрлік жергілікті билік органдары мен университеттермен бірлесіп, 2026 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру сапасын арттыру және ауқымын кеңейтуге бағытталған арнайы науқан өткізуді қолға алмақ.
Білім министрлігі жоғары сапалы және толыққанды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлікті қолдап, өнеркәсіп пен білім арасындағы интеграцияны тереңдетуге жұмыс істейді. Сол арқылы, сұраныс пен ұсынысты теңестіруді, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды мақсатты қолдауды біріздендірмек.
Министрліктің хабарлауынша, биылғы күзгі семестр басталғалы университеттер кампус іс-шаралары аясында түлектерге 12 миллионнан аса жұмыс орнын қарастырып үлгерген.