Келер жылы қытайша-қазақша электронды аудармашы жасалады

1562

Келер жылы қытайша-қазақша электронды аудармашы жасалады

Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы халықтық өкіметі төрағасының орынбасары Чжао Циннің бастауымен облыс әкімі Даниал Ахметов Үрімші қаласының техникалық-экономикалық даму аумағында болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Көрме кешенінде аймақ басшысына мобильдік аудармашы қосымшасы таныстырылды. Қазір аталмыш қосымша бірнеше тілдік топтарда жұмыс істей алады, мәселен қытайша-ұйғырша, қытайша-ағылшынша. Алайда бір жылдан соң-ақ қосымшаға қазақ тілі қосылмақ. Бұл серіктестер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді.

Мұнымен қоса, бүкіл әлем бойынша жұмыс істей алатын GPS бағдарламасы және жергілікті компаниялардың бірі жасаған 12 сағаттан артық ұша алатын квадрокоптер көрсетілді. Пилотсыз ұшу қондырғысы көбінесе ауыл шаруашылығы саласында ақпарат жинау және аса дәл электронды картаны жасау үшін жиі қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу