Келер жылы шамамен 1 млн сириялық өз еліне оралуы мүмкін – БҰҰ

155

Башар Асад режимі құлатылғаннан бері шамамен 1,3 млн сириялық еліне қайтып келген.

Келер жылы шамамен 1 млн сириялық өз еліне оралуы мүмкін – БҰҰ Фото: Getty Images / NurPhoto

Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Сириядағы өкілі Гонсало Варгас Льоса мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Льоса Женевада БҰҰ БЖКБ мен Швейцария үкіметі бірлесіп ұйымдастырған "Босқындар жөніндегі жаһандық форумның ілгерілеуін екінші жаһандық бағалау" атты кездесуге қатысып, Anadolu Ajansı тілшісінің Сириядағы жағдайға қатысты сұрақтарына жауап берген.

Оның айтуынша, ол Асад режимі құлағанға дейін бірнеше ай бұрын Сирияда болып, жаңа әкімшіліктің билікке келуіне куә болған. Льоса елдегі "қорқыныш ахуалының өте жылдам жоғалып, оның орнын үміт басқанын" атап өтті.

Льосаның сөзінше, былтырғы 9 желтоқсанда ол өз командасымен бірге Ливан шекарасына барып, 14 жылдан астам уақытқа созылған мәжбүрлі қуғыннан кейін өз беттерімен отанына оралып жатқан сириялықтарды көрген. Ол сондай-ақ "еліне жеткен көптеген адамдар қуаныштан туған жердің топырағын сүйгенін" де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу