Келер жылы ШҚО-ның 18 ауылына интернет желісі тартылады

740

Барлығы 250 адамнан артық халқы бар тағы 18 елдімекенге оптикалық-талшықты байланыс желілері 2021 жылдың қыркүйегіне дейін тартылып бітеді. 

Келер жылы ШҚО-ның 18 ауылына интернет желісі тартылады

Ауылдық жерлерді кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуді 2018 жылдан бері  "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша  "Транстелеком" АҚ қолға алған, деп жазады altaynews.kz.

"Ауылдық орындардағы жеке тұлғаларды ғаламтормен қамтамасыз етудің маңызы зор, - деп атап өтті "Өскементранстелеком" филиалының басқарушы директоры Ғазиз Бердібаев. - Ғаламторға қолжетімділік, цифрлық қызметер әлеуметтік теңсіздікті жойып, кішкентай ауылдардағы өмірді заманауи әрі жайлы ете түспек. Бұл әсіресе қазір, балалар қашықтан оқып жатқан уақытта маңызды. Біз 250-ден астам адам тұратын ШҚО ауылдарына оптикалық-талшықты желілер тартып жатырмыз". 

Биыл Ұлан ауданындағы  Ново-Троицкое ауылы, Огневка кенті мен Глубокое ауданындағы Алтай кентінің тұрғындары кең жолақты интернеттің қызығын көре бастаған.

Ал 2021 жылдың күзіне дейін Глубокое ауданындағы Винное, Тарханка, Ушанов, Степное,  Бобровка, Верхнеберезовский, Перевальное ауылдарына; Өскемендегі Солнечное кенті; Шемоаниха ауданындағы  Рулиха ауылы; Риддердегі  Пригородное кенті, Алтай ауданындағы Зубовка, Прибрежный, Тұргысын, Малеевск, Октябрь, Первороссийское және Парыгино ауылдарына тартылады деп жоспарланыпты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу