Келер жылы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысы басталады

856

ҚР денсаулық сақтау министрлігі және Varian Medical Systems International AG компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келер жылы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысы басталады

Меморандумға қол қоюдың мақсаты - елдің онкологиялық қызметін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің табысты және қаржылық тиімді моделін құру, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Қатерлі ісікпен күресу жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес Астанадағы Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығын радиотерапия және протон терапиясына арналған жабдықпен, сондай-ақ 10 өңірлік онкологиялық орталықты сәулелік терапия машиналарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бұл орталықтың құрылысы 2019 жылы басталады. Биылғы жылы денсаулық сақтау министрлігі қажетті ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарын бастады.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы халыққа ерте диагностиканың жоғары тиімді және жоғары технологиялық әдістерімен және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, онкологиялық ауруларды емдеуді қамтамасыз етуге арналған.

Айта кетсек, Қазақстанда жыл сайын 35 мың жаңа обыр ауруына шалдыққан адам тіркеледі, жалпы 170 мыңға жуық адам осы ауруға шалдыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу