"Келешек" жинақтау жүйесіне жиналатын қаржы құнсызданбай ма?

307

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков "Келешек" жинақтау жүйесіне жинақталатын қаражаттың құнсыздану қаупіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келешек" жинақтау жүйесіне жиналатын қаржы құнсызданбай ма? Фото: primeminister.kz

"Заңның осы жобасын зерделеп, "Келешек" жинақтау жүйесі бойынша нақты міндеттер қойылғанын көріп отырмыз. Бұл азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болатын және қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін жақсы жүйе. Осы жүйе мемлекеттік бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықтың жыл сайынғы төлемін, инвестициялық табысын қамтиды. Бұл ретте салымдарды құнсызданудан қорғау мәселесі түсініксіз боп қалады. Өйткені баланың мектепті аяқтағанға дейін қаражат жинау қажет болады. Жыл сайын ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді және ол құнсызданады", – деді Ұласбек Сәдібеков.

Депутат жоғарғы инфляциялық және девальвациялық тәуекелдерді ескере отырып, азаматтардың жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар көзделіп жатқанын сұрады.

"Бірінші тетігі – Ұлттық банктің төмендетілген базалық мөлшерлемесінің деңгейін төмен болмауды қамтамасыз ету. Көрсетілгендей, 200-300 базистік тармақтан төмендетпеу. Екіншіден, банктердің беретін сыйақысынан бөлек жыл сайын мемлекет тарапынан 5-7 пайыз сыйақы қосымша берілетін болады. Мұнда 5 пайыз – барлық салымшылар үшін, 7 пайыз – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына арналған", – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу