Келесі аптада елімізге өзбек басшысы келеді

606

Келесі аптада елімізге өзбек басшысы келеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 22-23 наурыз күндері Қазақстанға келеді.

Сапар барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі талқыланады.

Ел басшылары кездесудің қорытындысында екіжақты келісім құжаттарына қол қояды.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, екі ел арасында 182 келісім бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу