Covid-19 жұқтырғандардың саны Еуропада күн санап артып келеді. Келесі аптада індеттің қарқыны бұдан да зор болады. ДДҰ-ның "кәрі құрлықтағы" өкілі Ханс Клюге осылай деді.
"Індет ырық берер емес. Соңғы 10 күнде науқастардың саны екі есе өсіп, жалпы саны миллионға таяп қалды. Яғни әлемдегі вирус жұқтырғандардың тең жартысы осы аймақтың тұрғындары", – деді Клюге.
Дегенмен де ол Германия, Италия, Испания, Франция және Швейцарияда инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін жеткізді.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, ауруға шалдыққандардың саны әлемде 2 миллионнан асып, оның 137 мыңы қайтыс болған.
Халықаралық валюта қоры биыл экономика өсімінің 3%-ға қысқаратын жариялады. Яғни коронавирус пандемиясының салдары 1930 жылғы Ұлы дағдарыстан да ауыр болмақ.
Табиғат Нұрболат
Фото: EPA/Vostock-photo