Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көрші елдің министрі Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.
"Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді", — деді ол.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.
Қырғызстан 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен екінші орында.
Қырғызстаннан келген спортшылар спорттың барлық түріне, соның ішінде екі ұлттық ойын — көкбөрі мен көкпарға қатысады.