Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек – Олжас Бектенов

198

2026 жылы кемінде 2,3 млн тонна минералды тыңайтқыш себу қажет. 

Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов форвардтық келісімшарттар аясында диқандардың азық-түлік корпорациясына бидайды уақтылы жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек. Облыс әкімдіктері 2026 жылы кемінде 2,3 миллион тонна минералды тыңайтқыш себуді қамтамасыз етулері қажет. Өнеркәсіп министрлігі егіншілерге қажетті тыңайтқыш көлемін отандық өнім өндірушілермен алдын ала пысықтап алғаны жөн. Әкімдіктер тыңайтқыштарды жеткізу үшін  уақтылы шартқа отырып,  қоймаларда олардың жеткілікті қорын қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі "Бәйтерек" холдингімен бірге 2026 жылғы көктемгі егіс  және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды бастап кетті", – деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қамту үшін қаржыландырудың қолда бар құралдарын тиімді және ашық пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу