Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін "Сочи" клубы Ресейдің жоғарғы лигасына жолдама алды, деп абарлайды prosports.kz.
"Сочи" биыл Ресейдің ұлттық футбол лигасында өзге командалардан оқ бойы озық болып, 36 турдың қорытындысы бойынша Премьер-лигаға жолдама алды. Осылайша, Акмаль Бахтияровтың командасы тарихында алғаш рет Премьер-лигада бақ сынайтын болады.
Айта кетейік, "Қайраттың" түлегі Акмаль Бахтияров "Сочи" командасына осы қыста ауысып келген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу