Мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі таңда 9000 арнайы педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда да "педагог-ассистент" лауазымы енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте "жеке көмекші" лауазымы енгізіледі. "Педагог" кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде. Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары да тұрақты жүргізіледі. Биыл оқу курстарынан 5 мың педагог өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өсуіне байланысты 3,5 мың арнайы педагогқа қажеттілік бар. Келесі оқу жылынан бастап "педагог-ассистенттер" колледждерде дайындалады, тиісті бұйрық қабылданды", – деді министр Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ мүгедектігі бар балалар үшін колледжге түсу квотасы 1%-дан 10%-ға ұлғайтылған.