Келесі Премьер-Министр кім?

2930

Дүйсенбі күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет отставкаға кетті.  

Келесі Премьер-Министр кім? Фото: Inbusiness.kz

Атқарушы биліктің таратылғаны туралы жаңалық желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбірі "Келесі Премьер-Министр кім болуы мүмкін?" деген сұраққа бас қатырып, үміткерлердің есімін жарыса жазуда. Inbusiness.kz сайты осы тақырыпқа қатысты шолу жасады.

Серік Жұманғарин - Дүйсенбі күні таратылған Үкімет кабинетінде Премьер-Министрдің орынбасары лауазымын атқарды. Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы, Ұлттық экономика вице-министрі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымын атқарды. 2022-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі. 2023 жылғы 2 қыркүйектен осы уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

Роман Скляр - 2024 жылғы 5 ақпанда Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Павлодар қаласы мен облысы, Астана қаласының әкімдіктерінде басшылық қызметте болды. Ұлттық экономика вице-министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымдарын да атқарды. 2022 жылғы 11 қаңтарда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Былтыр 3 сәуірде осы қызметке қайта тағайындалды.

Бүгінде Ұлттық Банкті басқарып отырған Тимур Сүлейменов те Премьер- Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарды. 2019–2022 жж. Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары болды. Бұдан бөлек Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымын да атқарды.

Желіде үміткерлердің арасында Ерболат Досаевтың есімі де аталып жүр. Бүгінде ол Алматы қаласын басқарады. Досаев әр жылдары Қаржы министрі, Денсаулық сақтау министрі, Экономикалық даму және сауда министрі лауазымдарын атқарды. Сонымен қатар 2014-2016 жж. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2019 жыл Ұлттық банк төрағасы да болған. 

Жеңіс Қасымбек – 2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласының әкімі. Шенеунік әр жылдары Көлік және коммуникация министрі, ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды. 2019 жылдың 25 ақпанынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ал 2019 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысының әкімі лауазымын атқарған.

Тамара Дүйсенова – Премьер-Министр орынбасарының м.а. Әр жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі лауазымдарын атқарды. 2022 жылғы 11 сәуірден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 2023 жылғы 8 маусымнан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. 2023 жылғы 2 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің м.а. Ерұлан Жамаубаев. Әр жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның басқарушы директоры, ҚР Президентінің көмекшісі, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен қаржы министрі болып қайта тағайындалды. 2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі болып қайта тағайындалды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов. Әр жылдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы, ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 2019 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы маусымға дейін Білім және ғылым министрі, ал 2022 жылғы маусымнан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Оқу-ағарту министрі лауазымын атқарды. Былтырғы 29 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы. 

Қанат Бозымбаев – 2023 жылдың 4 желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Президентінің көмекшісі. Ол әр жылдары Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы, Энергетика министрі болды. Бұдан бөлек Жамбыл, Павлодар облыстарын басқарды. 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2021-2022  жылдары Алматы облысының әкімі болды.

Нұрлан Ноғаев – 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының әкімі. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры лауазымын атқарды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау облыстарын басқарған. 2019 жылдың 18 желтоқсанынан соңғы тағайындауға дейін ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді.

Мұрат Нұртілеу – Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрінің м.а. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2022 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу