Келесі жылдан бастап бала туу көрсеткішін арттыру үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

17275

Жапония халық санын көбейтуге кірісіп кетті. Бұл өзгеріс Токиода 2025 жылдың сәуірінен басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келесі жылдан бастап бала туу көрсеткішін арттыру үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі Фото: canva.com

Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ Жапония үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.

Сарапшылар елде туу көрсеткішінің төмендеуін – Жапонияда еңбек мәдениетіне талап жоғары екенімен және өмір сүру құнының өсуімен байланыстырады. Өте көп жұмыс істеу өлімге, яғни Жапонияда танымал "кароши" деп аталатын жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. 

Токио отбасылық саясатты жүзеге асыратын Азиядағы жалғыз қала емес. Сингапур де осы жылы барлық компанияны қызметкерлер үшін икемді жұмыс тәртібін қарастыруға мәжбүрлейтін жаңа нұсқаулар енгізді. Ол төрт күндік жұмыс аптасын немесе икемді жұмыс уақытын қамтуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу