Келесі жылдан бастап баланың оқуына "Келешек" арқылы қаражат жинауға болады

591

"Келешек" ерікті жинақтау жүйесі бірінші кезекте баланың жоғары оқу орнына қаражат жинауға бағытталған, алайда жас түлек грант иегері атанса, жиналған соманы баспана алуға жұмсауға болады.

Келесі жылдан бастап баланың оқуына "Келешек" арқылы қаражат жинауға болады Фото: inbusiness.kz

ҚР Премьер-министрі "Келешек" жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін басып айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Аталған жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашуға болады, оған мемлекет 60 АЕК мөлшерінде (5 жастағы балаларға) білім алуға бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. 

Осылайша, айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналмақ. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарналары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін көбейсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі болады", — делінген Үкімет баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар Үкімет отырысында оқушылар ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша үміткер бола алатын мемлекеттік білім беру гранттарын бекіту жүйесі сақталатыны атап өтілді. "Келешек" жүйесі азаматтарды қолдаудың қосымша тетігі болмақ. Бұл ретте талапкер грантқа түскен жағдайда, шотында жинақталған қаражатты тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу