Денсаулық саласындағы бетбұрыс: 1 миллионға жуық адам көмек алады

134

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында айтылған.

Денсаулық саласындағы бетбұрыс: 1 миллионға жуық адам көмек алады Фото: Жайық үні

Аталған құжат 2025 жылғы 14 шілдеде қабылданған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №206-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жоба Мемлекет тарапынан әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық немесе төтенше деңгейдегі жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен жарна төлеу тәртібін нақтылау үшін жасалды, – делінген құжат мәтінінде.

Сонымен қатар 2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша шамамен 1 миллион адамды (5%) МӘМС жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға және жалпы ұлттық әл-ауқатты арттыруға сеп болмақ.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу