Келесі жылдан бастап елімізде кассациялық соттар қызметін бастайды

220

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады. 

Келесі жылдан бастап елімізде кассациялық соттар қызметін бастайды Фото: Ақорда

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу