Келесі жылдан бастап елімізден Еуропаға ұшақпен саяхаттау арзандауы мүмкін

747

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Сенат кулуарында хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, бірнеше шетелдік лоукостер Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын болады, деп жазады inbusiness.kz.   

Келесі жылдан бастап елімізден Еуропаға ұшақпен саяхаттау арзандауы мүмкін Фото: otrar.kz

Лоукостерлердің қызметтері келер жылы республика азаматтарына қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.

"Бізде ұлттық оператор мен лоукостерлердің сегменттері бар. "Ашық аспан" режимі аясында лоукостерлердің бір елден ұшып келіп, еліміз арқылы басқа мемлекетке, мысалы Еуропаға немесе Түркияға ұшуына рұқсат береміз. Лоукостерлер болғандықтан, билет бағасы әлдеқайда арзан болады", - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, жолаушылар қызмет сапасы "басқаша болатынын" түсінуі керек. Бұдан бөлек ол әлемге танымал әуе компаниялар ғана еліміз арқылы транзитті жүзеге асыра алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу