Келесі жылдан бастап, Қытаймен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді

169

Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. 

Келесі жылдан бастап, Қытаймен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді Фото: canva.com

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды – 364 705 ШРБ, оның ішінде – 190 000 Қытай бланкілері.

Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу