Келесі жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

2400

Полиция халыққа кез келген уақытта көмек беруге дайын болуға тиіс.

Келесі жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асыру аясында полиция қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. 

"Мемлекет басшысы Үкіметке полицейлердің жалақысын көбейту туралы тапсырма берді. Келесі жылдан бастап жалақы көтеріледі. Сонымен қатар үйді жалға алу үшін өтемақы алатындар саны өседі. Өйткені өз ісіне адал, жұмысына тұрақты, қарапайым азаматтарға көмек беруі үшін полиция қызметкерінің материалдық жағдайы дұрыс болуы тиіс. Сол кезде ғана олардан нақты жұмысты талап етіп, сервистік моделге өту жөніндегі жоспарды жүзеге асыра аламыз", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің сөзінше, әрбір полиция қызметкері тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға кез келген уақытта көмек беруге дайын болуы тиіс.

Нұржан Көшкенов
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу