Келесі жылдан бастап Ресейден үшінші елдерге сұйытылған табиғи газ транзитіне тыйым салынады

236

Ресейдің сұйытылған табиғи газын (СТГ) еуропалық порттар арқылы үшінші елдерге транзиттеуге тыйым салу туралы бүгін, ЕО 14-ші санкциялар пакеті аясында, шешім шығарылды. 

Келесі жылдан бастап Ресейден үшінші елдерге сұйытылған табиғи газ транзитіне тыйым салынады Фото: baq.kz

Тыйым тоғыз айдан кейін күшіне енеді. Бұл туралы Еурокомиссияның (ЕК) санкциялық пакеттің ережелерін түсіндіретін мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Мәтінге сәйкес, "ресейлік СТГ-ны ауыстырып тиеу үшін ЕО порттарын пайдалануға тоғыз айлық өтпелі кезеңнен кейін" тыйым салынады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін хабарланғандай, 17-ші пакетте Еуропалық Одақ G7 бағасының шегіне назар аудармай, ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын 27 танкерге қарсы санкциялар енгізді.

Құжатқа сәйкес, Еуропалық Одақ ресейлік СТГ сатып алуды жалғастырады, бірақ оның қайта экспортталуына тыйым салады. ​​​​Әскери тауарларды үшінші елдерге сататын ЕО компаниялары Ресейге қайта экспорттау тәуекелдерін анықтап, бағалауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу